Русская версия | English version | Қазақ тіліндe
Құрметті қатысушылар, келушілер, серіктестер және әріптестер!
2025 жылдың 12-14 наурызы аралығында Алматы қаласында Securex | ITS | Dronex Kazakhstan 2025 халықаралық көрмесі сәтті өтті. Іс-шара қауіпсіздік саласындағы заманауи технологияларды көрсету және өзекті мәселелерді талқылауға арналған тиімді алаң ретінде өз маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Көрменің негізгі қорытындылары:
1 585 бірегей келуші — бизнес өкілдері, мемлекеттік құрылымдардың мамандары, сала сарапшылары және кәсіпқойлар
8 елден келген 65 компания өздерінің шешімдері мен әзірлемелерін ұсынды
4 конференция, 2 семинар және 27 спикердің баяндамалары өтті
Алғашқы Multi-Drone Championship өтті, онда 8 жеңімпаз 510 000 теңге жүлде қорын бөлісті
|
Бас серіктесі: ЭГИДА GROUP
Бас ақпараттық серіктесі: журнал RUБЕЖ
Ұйымдастырушылар: Атакент-Экспо, Iteca және халықаралық серіктесі ICA Events.
Келесі жылы кездескенше!
Ізгі ниетпен, Ұйымдастырушылар тобы Securex | ITS | Dronex Kazakhstan

|