Шын мәнінде, көрме өте көптен күткен жайт, өйткені біз екі жыл бойы бұғаттауда болдық, пандемия өзін сезіндірді. Біз стендтің идеясын 2020 жылы ойластырып қойғанбыз және оған деген бүгінгі күнде келушілердің қызығушылығы көрінеді. Біз стендке 300-ден астам келушілерінің деректерін алдық, одан әрі жылжытуға байланысты, көрмелер туралы көптеген сұрақтар болды, енді бұдан былай көрмелер болады деп үміттенеміз. Адамдар өте қызығушылық таныттты, Қазақстанның барлық қалаларынан келді. Мұнда біздің серіктестеріміз, жаңа мүдделі компаниялар және соңғы пайдаланушылар. Менің ойымша, біз бұл адамдармен байланыс орнатамыз және болашақта жұмыс істейміз.
Алаңға алғаш рет кіретін фирмалар мен компанияларға қорықпауға кеңес бергім келеді. Бұл оныншы мерейтойлық көрме, өкінішке орай, біз сол баяғы экспонаттарды көріп отырмыз. Мен жаңа компанияларды қорықпауға шақырар едім, өйткені жұртшылық жаңа өнімдер күтеді, жаңа ағымдарды, қауіпсіздік жүйесіндегі бизнестің жаңа бағыттарын аңсайды және өзіміз жайлы да солай айта аламыз: болашақта ары қарай пайда табуға болады.