Зияткерлік бағдарламалық жасақтама және сәйкестендіру мен көлікті басқару секторларында суреттер мен деректерді өңдеуге арналған құрылғы
Нөмірлік белгілерді ажырату, жылдамдықты және жол қозғалысының ережелерін сақтауды бақылау камерасы. Төлқұжат және жеке тұлғаны куәландыратын өзге де құжаттардың сканері
ARH Inc сенімділігі жоғары зияткерлік бағдарламалық жасақтама және сәйкестендіру мен көлікті басқару секторларында суреттер мен деректерді өңдеуге арналған құрылғыларды әзірейді, өндіреді және ұсынады. Компанияның клиенттері ARH ең заманауи технологияларын енгізе отырып өз әріптестері үшін инновациялық шешімдерді әзірлейтін жүйелік интеграторлар болып табылады.
ARH нарыққа 1991 жылы шықты және ең басынан бастап компания инновацияланған, сапалы және сенімді болды. Оның бизнес-үлгісінің барлық элементтері клиенттердің қанағаттанушылығын қамтамасыз ету есебінен берік әріптестік қатынастарды құруға үйлесті. ARH сәтті бизнесті дамытудың жалпы мақсатымен өз әріптестерін қолдауға ерекше назар аударады.
Қазақстан Республикасының аумағында біздің шешімдерді пайдалана отырып 25-тен аса зияткерлік көліктік жүйе сәтті жүзеге асырылды.
1. ParkIT System® жүйесі автоматтандырылған, көлік құралдарына қолжетімділікті бақылаудың кеңейтілген жүйесі және нөмірлік белгілерді автоматты түрде ажырату технологиясын пайдаланумен көлікті орнына қою жүйесі
2. ҚҰЖАТТАРДЫ ОҚУ, СӘЙКЕСТЕНДІРУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮЙЕСІ СИСТЕМА Таңбаларды оптикалық ажырату – оқиды және автоматты түрде жеке тұлғаны куәландыратын құжаттардан ақпаратты алады және оларды сандық деректерге түрлендіреді
3. CARMEN® GO Application тікелей немесе жазылған бейне ағыннан нөмірлік белгілерді ажыратуға арналған автономды бағдарламалық жасақтама
4. Нөмірлік белгілерді ажырату камерасы - автокөлік құралы тіпті жоғары жылдамдықпен қозғалғанның өзінде (255 км /с дейін) нөмірлік белгілерді ажырату мақсатында көлік құралдарының кескінін қамту үшін әзірленген
5. Жылдамдық режимін бақылау камерасы арнайы жасалған нөмірлік белгілерді жоғары дәлдікпен ажырату камерасына, БЖ және автокөлік құралдарын мүмкінді категориялаумен жылдамдығын өлшеу аспабына үйлеседі.
6. Автокөлік құралдарының динамикалық және статистикалық параметрлерін өлшейтін зияткерлік көліктік жүйелер – сыртауқымды, салмақты, жылдамдықты, өсаралық қашықтықты өлшеу, көлік құралы өсінің класын (түрін), санын анықтау
7. Динамикада көлік құралдарын өлшеу жүйесі. Жалпы салмақты және 0 бастап 250 км/с дейін жылдамдықтағы қозғалыста көлік құралының әрбір өсіне жүктемені өлшеу
8. Көлік құралдарының сыртауқымын өлшеу және класын (түрін) анықтау жүйесі