13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі
13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі

«Еуразиялық полиграфологтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстандық кәсіби он бір арналық компьютерлік «AQIQAT» полиграфы («жалғандық детекторы»)

«Еуразиялық полиграфологтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ведомстволық тиістілігіне, алынған білімі мен олар жұмыс істейтін полиграфия үлгілеріне қарамастан, полиграфолог-мамандарды біріктіретін алғашқы тәуелсіз қоғамдық ұйым болып табылады.

Иконка Лого 08.04.19 ver2 012007 жылы бастапқыда Алматы полиграфологтары қауымдастығы құрылды. 2008 жылдың 1 шілдесінде қауымдастық құқықтық мәртебеге ие болды, ҚР ӘМ Алматы қаласының Әділет департаментімен оған № 92972-1910-ОО тіркеу нөмірі берілді. Өзінің қызметі саласының кеңеюіне, Қазақстан Республикасының және Орталық Азияның басқа да елдерінің полиграфологтар қауымдастығының мүшелігіне енуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстанда полиграфты енгізудің 10 жылдығына байланысты «Алматы полиграфологтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі «Еуразиялық полиграфологтар қауымдастығы» ҚБ-де ребрендинг өткізді. 2012 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен «Еуразиялық полиграфологтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі қайта тіркелді.

Бүгінде қауымдастықтың 500-ден астам мүшесі Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен басқа да қалаларында, сондай-ақ ТМД-ның көптеген елдерінде және алыс шетелдерде полиграфты табысты енгізуде. Қауымдастық Қазақстан Республикасының полиграфолог-мамандарының мүдделері мен қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ күштерді шоғырландыруға жәрдемдесу және полиграфолог-мамандардың шығармашылық әлеуетін барынша толық іске асыру үшін жағдай жасау бойынша өз алдына мақсат қояды.

Заставка Лого 08.04.19 01 1Еуразиялық полиграфологтар қауымдастығы конференциялар, дөңгелек үстелдер, оқыту курстары, семинарлар мен тренингтерді үнемі ұйымдастырып, өткізеді, полиграфиялық жабдықтарды таңдау мен сатып алуға көмектеседі. Қауымдастықтың әдістемелік комиссиясы Жарғының негізінде полиграфолог-мамандардың кәсіби ережелер мен этикалық нормаларды сақтауын бақылауды, полиграфолог-мамандардың қызметіне кәсіби сараптама жүргізеді және полиграфты заңсыз немесе біліксіз қолданудан азаматтарды қорғауды жүзеге асырады.

Қауымдастықтың оқу орталығы Қазақстанның құқық қорғау органдары үшін (оның ішінде ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК, ҚР ҒБПК, ҚР МКҚ, ҚР ҚМ үшін), сондай-ақ ірі қазақстандық банктер, өнеркәсіптік және коммерциялық ұйымдар, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Моңғолия және т.б. елдердің полиграфологтары үшін 600-ге жуық полиграфолог-маманды дайындады. Полиграфпен қатар Қауымдастық мүшелерімен графологиялық талдау, профайлинг және т. б. сияқты тұлғаны психофизиологиялық зерттеудің басқа да әдістері қолданылады.

ПолиграфIMG 20190619 125221

 

 

 

 

 

 

 

Еуразиялық полиграфологтар қауымдастығының тәжірибелі мамандары қызметкерлерді іріктеуден бастап тергеудің кез келген түрін жүргізуге дейінгі түрлі міндеттерді шеше отырып, полиграфта зерттеулер жүргізеді.

1) Қазақстандық бірінші кәсіби компьютерлік он бір арналы «AQIQAT» полиграфы.
2) Тексерілетін адамға арналған «КС-02-ПО» мамандандырылған креслосы
3) «МВДП» динамикалық қарсы іс-қимылды анықтау модулі
4) «МастерГраф» психологиялық-қолжазбалық (графологиялық) талдағыш
5) Полиграфолог-мамандарды бастапқы даярлау курстары
6) Полиграфта («жалғандық детекторында») тексерулер.