13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі
13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі

«AQIQAT» - ӨТІРІК ДЕТЕКТОРЫ

Полиграфолог-мамандарды алғашқы даярлау курсы бар «AQIQAT» кәсіби қазақстандық он бір арналы компьютерлік полиграф («өтірік детекторы»)

Logo EAP

«Еуразиялық полиграфологтар қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі ведомстволық бағыныстылығына, алған біліміне және олар жұмыс істейтін полиграфтардың үлгілеріне қарамастан полиграфолог мамандарды біріктіретін алғашқы тәуелсіз қоғамдық ұйым болып табылады.

2007 жылы алғашында Алматы полиграфологтарының қауымдастығы құрылды. 2008 жылдың 1 шілдесінде Ассоциация құқықтық мәртебеге ие болды, ҚР ӘМ Алматы қ. Әділет департаментімен оған тіркеу № 92972-1910-ҚБ берілді. Өз қызметі саласының кеңеюіне, Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінің және Орталық Азияның басқа да елдерінің полиграфологтар қауымдастығының мүшелігіне кіруіне, сондай-ақ Қазақстанда полиграфтың енгізілуіне 10 жыл толуына байланысты «Алматы полиграфологтар қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі «Еуразиялық полиграфологтар қауымдастығы» ҚБ ребрендингін сәтті өткізді.

2012 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Еуразиялық полиграфологтар қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігін қайта тіркеді. Бүгінде қауымдастықтың 550-ден астам мүшесі полиграфты Қазақстанның барлық облыс орталықтарында және басқа да қалаларында, сондай-ақ ТМД және алыс шетелдердің көптеген елдерінде сәтті енгізуде. Қауымдастық өз алдына Қазақстан Республикасының полиграфолог-мамандарының мүдделері мен қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ полиграфолог-мамандардың шығармашылық әлеуетін барынша толық іске асыру үшін күш біріктіруге және жағдай жасауға жәрдемдесу бойынша мақсаттар қояды.

Kompect 2021

Еуразиялық полиграфологтар қауымдастығы тұрақты түрде конференциялар, дөңгелек үстелдер, оқыту курстары, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырып, өткізіп тұрады, полиграфиялық жабдықтарды таңдау мен сатып алуға көмектеседі. Қауымдастықтың әдістемелік комиссиясы Жарғының негізінде полиграфолог-мамандардың кәсіби ережелер мен этикалық нормаларды сақтауын бақылауды жүзеге асырады, полиграфолог-мамандардың қызметіне кәсіби сараптама жүргізеді және азаматтарды полиграфты заңсыз немесе біліксіз қолданудан қорғайды.

Қауымдастықтың оқу орталығы Қазақстанның құқық қорғау органдары үшін (оның ішінде ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі, ҚР МСЕ, ҚР ҚМ, ҚР ТЖМ, ҚР Ұлттық гвардиясы), сондай-ақ ірі қазақстандық банктер, өнеркәсіптік және коммерциялық ұйымдар, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан және т. б. елдердің полиграфологтары үшін 600-ден астам жаңадан бастаған полиграфолог-мамандарды дайындады.

Қауымдастық мүшелерімен қатар графологиялық талдау, профайлинг және т. б. сияқты жеке тұлғаны психофизиологиялық зерттеудің басқа әдістері қолданылады.

Еуразиялық полиграфологтар қауымдастығының тәжірибелі мамандары полиграфта зерттеп-қарауды табысты өткізіп, персоналды іріктеуден бастап тергеп-тексерудің кез келген түрін жүргізуге дейінгі түрлі міндеттерді шешеді.

Nabor 1

  • «AQIQAT» бірінші қазақстандық кәсіби он бір арналы компьютерлік полиграфы.
  • «КС-02-ПА» тексерілушіге арналған мамандандырылған кресло
  • Динамикалық қарсылықты анықтау модулі «ДҚАМ»
  • «МастерГраф» психологиялық-қолжазба (графологиялық) анализаторы
  • Полиграфолог-мамандарды алғашқы даярлау курстары
  • Полиграфта тексеру («өтірік детекторы»).

Толық ақпаратты ресми сайттан алуға болады: poligraph.kz