Құпиялылық саясаты
«ITECA» (Ай Ти И Эс Эй) (ITECA) ЖШС және оның түпкілікті иесі ITE Group Plc («ITE»)
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ
ITECA мен ITE құпиялылық саясатына қысқаша шолу
Сіздің жеке ақпаратыңыздың өңделуі үшін жауап беретін деректер бақылаушысы ITECA мен ITE болып табылады, онымен Сіз Интернет арқылы немесе почта бойынша байланыса аласыз: ITECA - Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Қазақстан Республикасы, 050057, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 42;
ITE Group Plc, The Studios, 2 Kingdom Street, London W2 6JG
«ITECA» (Ай Ти И Эс Эй) ЖШС, (ITECA), Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылады және тиісінше Сіздің дербес деректеріңіздің қауіпсіздігін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Сіз туралы біз жинайтын деректер сәйкестендіру деректерін және байланыс деректерін (аты, пайдаланушының аты немесе сәйкестендіргіш, почталық мекенжайы және электрондық почтаның адресі, телефоны секілді), қаржылық деректерді және транзакция деректерін (банк шотының және төлем картасының деректері, Сізге және Сізден төлемдер туралы деректер секілді), техникалық деректерді және пайдалану туралы деректерді (IP-адрес, кіру үшін деректер, браузер тұрпаты және басқа техникалық деректер, біздің қызметтерімізді Сіздің қалай пайдалантыныңыз туралы ақпарат және веб-сайттар секілді) қамтиды.
- Сіздің деректеріңізді пайдаланудың негізгі тәсілдері:
- Сізді клиент, келуші немесе экспонент ретінде тіркеу
- төлемдерді басқаруды қоса алғанда, Сіздің тапсырыстарыңызды өңдеу
- Сізбен іскерлік қатыстарды басқару
- Сізге сайттың тиісті контентін және жарнама жеткізу
- біздің қызметіміздің және жарнаманың тиімділігін өлшеу, түсіну және көтеру үшін деректер талдамасын пайдалану
Біз Сіздің дербес деректеріңізді біздің іс-шараларда қызметтер беру туралы немесе олармен байланысты Сізбен жасалған біздің шарттарды орындау үшін Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу қажет болатын ІТЕ тобына кіретін басқа компаниялар секілді үшінші тараптарға, ІТЕ атынан әрекет ететін сыртқы сауда агенттеріне, орын берушілерге және іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызмет берушілерге немесе АТ-қызметтеріне береміз.
Сіз біздің жазбаларымыздағы ақпаратты түзету немесе жою үшін, Сіздің ақпаратыңызды өңдеуге қарсылық білдіру немесе Сіздің кез келген басқа заңдық құқықтарыңызды жүзеге асыру үшін бізбен байланысып, біздегі бар Сіз туралы ақпаратқа өзіңіздің қол жеткізу құқығыңызды пайдалана аласыз.
Кіріспе
ITECA мен ITE Сіздің құпиялылығыңызды және жеке деректеріңізді қорғауға және құрметтеуге міндеттенеді. Бұл құпиялылық саясаты Сіздің жеке деректеріңізге біздің қандай қамқор екенімізді дәлелдейді; өтінеміз, мұны мұқият оқып шығыңыз. Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін бұл құжат құрылымдалған форматта берілген, сондықтан Сіз төмендегі сілтемелерді пайдалана отырып нақты бөлімдерге өте аласыз.
- Бұл құпиялылық саясатының мақсаты ;
- Біз Сіз туралы жинайтын деректер;
- Сіздің жеке деректеріңіз қалай жиналады;
- Сіздің жеке деректеріңіз қалай пайдаланылады және мақсаты;
- Дербес деректерді бірлесе пайдалану;
- EЭA шегінен тыс деректерді беру;
- Дербес деректерді қорғау;
- Дербес деректерді сақтау;
- Сіздің құқықтарыңыз;
- Бізбен байланысу;
- Өңдеудің құқықтық негізі;
- Терминдер анықтамасы.
Бұл құпиялылық саясатының мақсаты;
Бұл саясат ITECA мен ITE Сіздің біздің веб-сайттарымыздың кез келгенін пайдалану және біздің іс-шараларымызға қатысу арқылы Сіздің дербес деректеріңізді, оның ішінде Сіз біздің жаңалық таратылымына жазылған, тіркелген немесе біздің іс-шараларымыздың біріне келген кезде бере алатын, қосымша ақпарат сұрай алатын немесе біздің қызметтеріміздің кез келгенін ала алатын кез келген деректерді қалай жинайтыны және өңдейтіні туралы ақпаратты Сізге беруге бағытталған.
Бұл құпиялылық саясаты Сізден нақты ақпаратты жинау кезінде біз Сізге бере алатын құпиялылық туралы кез келген неғұрлым нақты хабарламаларды толықтырады және олардың күшін жоюға арналмаған.
Бөгде сілтемелер
Біздің сайттарымыз бөгде сайттарға, плагиндерге және қосымшаларға сілтемелерді қамтуы мүмкін. Бұл сілтемелерге басу немесе бұл қосылуларды іске қосу үшінші тараптарға Сіз туралы деректер жинауға немесе беруге мүмкіндік береді. Біз бұл бөгде веб-сайттарды бақыламаймыз және олардың құпиялылық туралы мәлімдемелері үшін жауап бермейміз. Сіз біздің веб-сайттан шыққан кезде біз өзіңіз кіретін әрбір веб-сайттың құпиялылық саясатымен танысуды ұсынамыз.
Біз Сіз туралы жинайтын деректер
Жеке деректер немесе жеке ақпарат одан бұл тұлға тікелей немесе жанама сәйкестендірілуі мүмкін адам туралы кез келген ақпаратты білдіреді. Ол жеке тұлға алып тасталған деректерді (жасырын деректерді) қамтымайды.
Біз төменде сипатталғандай Сіз туралы дербес деректің әралуан түрлерін жинаймыз, пайдаланамыз, сақтаймыз және береміз. Кейбір жағдайларда деректер жеке деректер болмауы мүмкін, бірақ олар Сіз сәйкестендірілуіңіз мүмкін басқа деректермен байланысты болса, біз оларды жеке деректер ретінде қараймыз:
*Сәйкестендіру деректері пайдаланушының атын, әкесінің атын, тегін немесе ұқсас сәйкестендіргішті, атауын және жынысын қамтиды.
*Байланыс деректері шоттарды ұсынуға арналған мекенжайды, жеткізу мекенжайын, электрондық почтаның адресін және телефон нөмірлерін қамтиды.
*Қаржылық деректер банк шотының және төлем картасының деректерін қамтиды.
*Транзакция деректері Сізге және Сізден жасалған төлемдер туралы ақпаратты, сондай-ақ Сіз бізден алған қызметтің басқа мән-жайларын қамтиды.
*Техникалық деректер интернет-хаттама (IP) адресін, кіруге арналған деректерді, браузердің тұрпаты мен нұсқасын, сағат белдеуінің бапталуын және орналасқан жерін, браузер үшін плагиндердің тұрпаттары мен нұсқаларын, операциялық жүйе мен платформаны және Сіз осы веб-сайтқа кіру үшін пайдаланатын құрылғылардағы басқа технологияларды қамтиды.
*Бейіннің деректері Сіздің пайдаланушы ретіндегі атыңыз бен пароліңізді, Сіз жасаған сауалдарды немесе тапсырыстарды, Сіздің мүдделеріңізді, қалауыңызды, пікірлеріңізді және сауалдарға жауаптарды қамтиды.
*Пайдалану туралы деректер біздің веб-сайтты, өнімдеріміз бен қызметтерімізді Сіздің қалай пайдаланатыныңыз туралы ақпаратты қамтиды.
*Маркетингтік және коммуникациялық деректер бізден және біздің үшінші тұлғаларымыздан маркетинг алудағы Сіздің қалауыңызды және Сіздің коммуникациялық қалауыңызды қамтиды.
Біз сонымен қатар жоғарыда аталған ақпаратты статистикалық немесе демографиялық деректер секілді агрегатталған деректерді құру үшін пайдалана аламыз. Агрегатталған деректер Сіздің жеке деректеріңізден алынуы мүмкін еместігіне қарамастан, заңда дербес деректер болып саналмайды, өйткені бұл деректер өз тұлғасын шын мәнінде тікелей немесе жанама ашпайды.
Біз Сізге біздің іс-шаралардағы ең жақсы тәжірибені қамтамасыз ету үшін кейбір дербес ақпаратты жинай аламыз. Бұл ақпарат Сіздің дініңізге немесе денсаулық жағдайыңызға қатысты тұжырым жасауға мүмкіндік бере алады. Егер ақпаратты мақсаты бойынша пайдалануға келісіміңізді беретін болсаңыз ғана бұл ақпаратты беруді сұраймыз.
Біз Сіз туралы ешқандай дербес деректердің айрықша санаттарын жинамаймыз (бұл Сіздің нәсіліңіз немесе этникалық тиесілігіңіз, діни немесе философиялық көзқарастарыңыз, сексуалды өміріңіз, сексуалды қалауыңыз, саяси көзқарасыңыз кәсіподаққа мүшелігіңіз туралы мәліметтерді, Сіздің денсаулығыңыз туралы ақпаратты, сондай-ақ генетикалық және биометриялық деректерді қамтиды). Біз сонымен қатар қылмыстық үкімдер және қылмыстар туралы ешқандай ақпарат жинамаймыз.
Сіздің жеке деректеріңіз қалай жиналады
Біз Сіз туралы деректер жинау үшін әртүрлі әдістерді пайдаланамыз, оның ішінде:
Тікелей өзара әрекеттестік. Сіз бізге өз жеке деректеріңізді, байланысу және қаржылық деректеріңізді нысанды толтыру, бізге өзіңіздің визит карточкаңызды беру немесе бізбен почта, телефон, электрондық почта бойынша хат алмасу арқылы немесе өзге тәсілмен бере аласыз. Бұл Сіз:
- өтінім берген немесе біздің қызметтердің бірін сұраған;
- біздің іс-шараларымыздың біріне қатысу үшін тіркелген;
- біздің сайттарымыздың бірінше аккаунт құрған;
- біз ұсынатын қызметтерге жазылған;
- маркетингке сауал жолдаған;
- конкурсқа, ілгерілеуге немесе сауалға қатысқан кезде Сіз беретін жеке деректерді қамтиды;
- немесе Сіз кейбір кері байланыс деректерін беріңіз.
Автоматтандырылған технологиялар немесе өзара әрекеттестіктер. Сіз біздің веб-сайтпен өзара әрекеттестік жасаған кезде біз Сіздің жабдығыңыз, әрекеттеріңіз және қарау шаблондарыңыз туралы Техникалық деректерді автоматты түрде жинай аламыз. Біз бұл дербес деректерді cookie файлдардың және басқа ұқсас технологиялардың көмегімен жинаймыз. Біз сонымен бірге Сіз туралы техникалық деректерді ала аламыз, егер Сіз біздің cookie файлдарды пайдаланатын басқа веб-сайттарға кіретін болсаңыз, өтінеміз, неғұрлым толық ақпарат алу үшін Біздің cookie файлдарға қатысты саясатқа қараңыз.
Үшінші тұлғалар немесе жалпыға қолжетімді дерек көздері. Біз Сіз туралы жеке деректерді ЕО шегінен тыс жерлерде орналасуы мүмкін жалпыға қолжетімді дерек көздерінен немесе үшінші тұлғалардан (олардың мысалы төменде келтірілген) ала аламыз. Біз мұндай деректерді алғаннан кейін осы құпиялылық саясатына сәйкес оларға қамқорлық жасаймыз.
Бөгде дерек көздерінің мысалдары:
- Сіздің веб-сайттарды пайдалануыңыз туралы техникалық деректер беретін жеткізуші талдаушылар, іздеу ақпаратын берушілер және жарнамалық желілер.
- Сізге берілетін қызметтерге қатысты бізге байланысу, қаржылық және операциялық деректер беретін техникалық қызметтерді, тіркеу, төлеу және жеткізу қызметтерін берушілер.
- Біздің қызметтерімізге мүдделі болуы мүмкін тұлғалардың сәйкестендіру және байланысу деректерін беретін дерек брокерлері, агрегаторлар немесе бөгде сауда агенттері.
Қоңырауларды мониторингтеу және жазып алу. Сіздің бізбен сөйлесулеріңізді, оның ішінде шалынған қоңырауларды, жеке кездесулерді, хаттарды, электрондық хаттарды, жанды чаттарды, бейнечаттарды және жүгінудің кез келген басқа түрлерін жазып аламыз және қадағалай аламыз. Біз осы жазбаларды өз сервисімізді талдау және жақсарту үшін, сондай-ақ өз қызметкерлерімізді оқыту үшін пайдалана аламыз.
Сіздің жеке деректеріңіз қалай пайдаланылады және мақсаты
Біз Сіздің жеке деректеріңізді заңмен рұқсат етілген кезде ғана пайдаланатын боламыз. Көбінесе біз Сіздің жеке деректеріңізді келесі жағдайларда пайдаланамыз:
- Сізді жаңа клиент ретінде тіркеген кезде
- Сізді біздің іс-шараларымыздың бірінің келушісі немесе қатысушысы ретінде тіркеу үшін
- Сіздің тапсырысыңызды өңдеу және жеткізу үшін, оның ішінде:
- Төлемдерді, алымдарды және шығыстарды басқару
- Бізге тиесілі ақшаны жинау және қайтару
- Біздің Сізбен қатынастарымызды басқару үшін, оларды мыналарды қамтиды:
- Сізді біздің шарттарымыздың немесе құпиялылық саясатының өзгерістері туралы хабарландыру
- Сізді өткізу күндеріндегі, орындарындағы және байланысты қызметтегі өзгерістер туралы хабарландыру
- Егер Сіз біздің іс-шараларымыздың біріне қатысатын болсаңыз, осы іс-шарадағы экспонент орнымен Сіздің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіңіз туралы бізбен уағдаласыңыз
- Сіздің жүлделер ұтысына, конкурсқа қатыса алуыңыз немесе сауалнаманы толтыруыңыз үшін біз ұйымдастырған оқиға туралы пікір қалдыруыңызды немесе сауалнамаға қатысуыңызды сұраймыз
- Біздің бизнесті және осы веб-сайтты әкімшілдендіру және қорғау үшін (оның ішінде олқылықтарды жою, деректерді талдау, тестілеу, жүйеге қызмет ету, есептер құру және деректерді орналастыру)
- Сізге тиісті контент және веб-сайтқа жарнама беру, сондай-ақ біз Сізге беретін жарнаманың тиімділігін өлшеу немесе түсіну.
- Біздің веб-сайтты, өнімдерді/қызметтерді, маркетингті, клиенттермен қатынастарымызды және тәжірибені жақсарту үшін деректер талдамасын пайдалану
- Сізді қызықтыруы мүмкін тауарлар немесе қызметтер туралы ұсыныстар мен ұсынымдар жасау
Осы саясаттың соңындағы қосымша Сіздің деректеріңізді өңдеудің құқықтық негіздері туралы және атап айтқанда, әрбір нақты жағдайда біздің заңды мүдделеріміздің қандай екені туралы Сізді неғұрлым толығырақ хабарландырады.
Әдетте, егер Сіз нақты қызметке келісім алудың нақты процесінен өтпеген болсаңыз, біз Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу үшін құқықтық негіздеме ретінде келісімге арқа сүйей алмаймыз.
Маркетинг
Біз Сіздің жеке басыңызды куәландыратын деректеріңізді, байланыс деректеріңізді, техникалық деректеріңізді, пайдалану және бейін туралы деректеріңізді, егер бұған біздің заңды негіздемеміз бар болса, өнімдер мен қызметтер маркетингі үшін пайдалана аламыз.
Егер Сіз бас тартпайтын болсаңыз, және Сіз бізден ақпарат сұрасаңыз, біздің іс-шаралардың біріне қатысу үшін тіркелсеңіз немесе бізден қызметтер сатып алсаңыз, Сіз бізден маркетингтік хабарлар алатын боласыз. Сізге жіберілген кез келген маркетингтік хабарламаға сілтемеден бас тарту немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. арқылы осы хабарларды алудан бас тартуға құқылысыз.
Бөгде маркетинг
Егер бізде Сіздің бұған айқын келісіміңіз бар болса, біз Сіздің жеке деректеріңізді маркетинг мақсатында ITE Group-тен тыс сенімді компанияларға бере аламыз.
Сookie
Сіз өзіңізді браузеріңізді браузердің барлық немесе кейбір cookie файлдарынан бас тартатындай немесе веб-сайттар cookie файлдарды орнатқан немесе оларға рұқсат алған кезде Сізді ескертетіндей икемдей аласыз. Егер Сіз cookie файлдарды сөндірсеңіз немесе олардан бас тартсаңыз, біздің веб-сайттардың кейбір бөліктері қолжетімсіз болатынына немесе дұрыс жұмыс істемейтініне назар аударыңыз. Біз пайдаланатын сookie файлдар туралы қосымша ақпарат алу үшін cookie файлдарға қатысты біздің Саясатпен танысыңыз.
Мақсатты ауыстыру
Біздің Сіздің дербес деректеріңізді тек өзіміз жинаған мақсаттар үшін немесе, егер біз оларды осы мақсат үшін пайдалану керек деп негізде түрде санайтын болса және бұл мақсат бастапқы мақсатпен үйлесетін болса, үйлесетін мақсаттар үшін пайдаланатын боламыз. Егер Сіз жаңа мақсат үшін өңдеудің бастапқы мақсатпен қалай үйлесуінің түсіндірмесін алғыңыз келсе, өтінеміз, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. хабарласыңыз.
Егер бізге Сіздің дербес деректеріңізді байланыссыз мақсаттарда пайдалану керек болса, біз Сізді хабарландырамыз және бізге мұны жасауға мүмкіндік беретін құқықтық негізді түсіндіреміз.
Өзінің жеке деректерімен бөлісу
Біз Сіздің жеке деректеріңізді таңдалған үшінші тұлғаларға бере аламыз, оның ішінде:
- Бірлескен контроллерлер немесе процессорлар ретінде әрекет ете алатын және / немесе АТ және жүйені әкімшілдендіру бойынша қызметтерді және ішкі есептілікті бере алатын ITE тобындағы басқа компанияларға.
- Белгілі бір елдерде ІТЕ атынан сауда агенттері ретінде әрекет ететін ITE Group-тен тыс компанияларға.
- АТ-жүйелерін, клиенттерді басқару жүйелерін, келушілерді тіркеу жүйелерін, оқиғаларды басқару жүйелерін және әкімшілдендіру қызметтерін беретін, олармен жасалған деректерді өңдеу туралы келісімнің шарттарына сәйкес Сіздің деректеріңізді өңдейтін қызмет берушілерге. Оларға Google, Amazon Web Services, Microsoft Azure, Marketo және N200 секілді провайдерлер жатады.
- Біздің іс-шараларда қызметтер ұсыну үшін Сізбен немесе ІТЕ-мен өз келісімшарттарын орындау үшін Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуі қажет провайдерлерге немесе іс-шараларды ұйымдастыру қызметтерін ұсынушыларға.
- Қатысушыларда жақсы әсер қалдыру және бұл қолданылатын жерде жеке брифингтерге, кездесулерге немесе кешкі астарға шақырылғандарды таңдау үшін өз демеушілігін жақсарта алуы үшін іс-шаралардың демеушілеріне. Бұл демеушілер құпиялылықты шектеуге және тек осы мақсат үшін біз олармен бөлісетін кез келген жеке ақпаратты пайдалануға келіседі.
- Делегаттардың бір-бірімен байланысуына мүмкіндік беретін және тілдесуін оңайлататын іс-шаралар (егер қолданылса) үшін веб-сайттағы және ресми қосымшадағы басқа делегаттар. Ешқандай электрондық почтаның адрестері және телефон нөмірлері делегаттар тізімі арқылы немесе өзгеше түрде жарияланбайды. Сіз осы жеткізгіш арқылы делегатпен тілдесуден кез келген уақытта бас тарта аласыз.
Біз Сіздің ақпаратыңызды құқық қорғау органдарына, мемлекеттік органдарға немесе басқа ұйымдарға, егер бұл заң бойынша талап етілетін болса немесе мұндай пайдалану қисынды:
- заң міндеттемесін сақтау, процесс немесе сауал;
- біздің шарттарымызды және басқа келісімдерді сақтауды қамтамасыз ету, оның ішінде олардың кез келген мүмкін бұзылуларын тергеп-тексеру;
- қауіпсіздік, алаяқтық проблемаларын немесе техникалық проблемаларды анықтау, болдырмау немесе өзгеше түрде шешу; немесе
- заңмен талап етілгендей немесе рұқсат етілгендей біздің, біздің пайдаланушыларымыздың, үшінші тұлғалардың немесе жұртшылықтың құқығын, меншігін немесе қауіпсіздігін қорғау (алаяқтықтан қорғау және кредит тәуекелін төмендету мақсатында басқа компаниялармен және ұйымдармен ақпарат алмасуды қоса алғанда) үшін қажет екеніне біздің көзіміз адал жетсе, бере аламыз.
Біз сонымен қатар Сіздің ақпаратыңызды үшінші тұлғаларға:
- егер біз қандай да бір бизнесті немесе активтерді сатсақ немесе сатып алсақ, аша аламыз, және бұл жағдайда біз сіздің деректеріңізді осындай бизнестің немесе активтердің болжамды сатушысына немесе сатып алушысына аша аламыз; немесе
- егер бізді немесе біздің барлық дерлік активтерімізді үшінші тарап сатып алса, аша аламсыз және бұл жағдайда бізде сақталатын өз пайдаланушыларымыз туралы ақпарат берілген активтердің бірі болады.
Біз барлық үшінші тұлғалардан Сіздің жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін құрметтеуді және оларды заңға сәйкес пайдалануды талап етеміз. Біз өзіміздің бөгде қызмет жеткізушілерімізге Сіздің дербес деректеріңізді өз мақсаттарына пайдалануына рұқсат бермейміз және оларға Сіздің дербес деректеріңізді тек белгілі мақсаттар үшін және біздің нұсқаулықтарымызға сәйкес өңдеуге рұқсат береміз.
EЭA шегінен тыс деректерді беру
Кейде біз Сіздің деректеріңізді Еуропалық экономикалық кеңістіктен (ЕЭА) тыс жерлердегі үшінші тұлғаларға ЕЭА шеңберіндегі біздің іс-шараларымызды немесе осы аумақтардағы, оның ішінде Ресейдегі, Түркиядағы, Украинадағы, Қытайдағы, БАӘ-гі, Оңтүстік Африкадағы, Қазақстандағы, Әзірбайжандағы және Үндістандағы біздің іс-шараларымызды өткізуді қолдау үшін бере аламыз. Егер бұл орындалатын болса, біз Сіздің ақпаратыңыздың берілуі, өңделуі және сақталуы үшін Сіздің алдыңызда жауап береміз.
Деректердің қауіпсіздігі
Сіздің жеке деректеріңіздің кездейсоқ жоғалуын, рұқсатсыз пайдаланылуын немесе қол жеткізілуін, олардың өзгеруін немесе ашылуын болдырмау үшін біз барлық тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдадық. Бұған қоса, біз қызметкерлер, агенттер, мердігерлер және іскерлік қажеттілігі бар басқа үшінші тұлғалар үшін Сіздің дербес деректеріңізге рұқсатты шектейміз. Олар Сіздің жеке деректеріңізді тек біздің нұсқаулықтарымызға сәйкес өңдейтін болады және оларға құпиялылықты сақтау міндеті таралатын болады.
Өкінішке қарай, ақпаратты Интернет арқылы беру толық қауіпсіз болып табылмайды. Біз Сіздің ақпаратыңызды қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз, бірақ Интернет арқылы берілген Сіздің ақпаратыңыздың қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз; кез келген берудің өз қорқынышы мен тәуекелі бар. Біз өз бақылауымызда және иелігімізде тұрған Сіздің ақпаратыңызға рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмауға әрекеттену үшін қатаң рәсімдер мен қауіпсіздік функцияларын пайдаланатын боламыз.
Біз дербес деректердің кез келген болжамды бұзылуын жою рәсімдерін енгіздік, Сізді және, заң бойынша мұны орындауға міндетті болсақ, кез келген қолданылатын реттеуші органды бұзулар туралы хабарландырамыз.
Деректерді сақтау
Біз Сіздің дербес деректеріңізді ол үшін өзіміз жинаған мақсаттарды орындау үшін, оның ішінде кез келген заңдық, бухгалтерлік немесе есептік талаптарды сақтау мақсаты үшін қажетті уақыт ішінде және алты жылдан асырмай сақтайтын боламыз.
Белгілі бір жағдайларда Сіз бізден өз деректеріңізді жоюды сұрай аласыз: қосымша ақпарат алу үшін төмендегі «Сіздің құқықтарыңыз»-ға қараңыз.
Кейбір жағдайларда біз зерттеушілік немесе статистикалық мақсаттар үшін Сіздің жеке деректеріңізді жасырын ете аламыз (болашақта олар Сізбен байланысты болмауы үшін), және бұл жағдайда біз осы ақпаратты қосымша хабарландырусыз белгісіз уақыт ішінде пайдалана аламыз.
Сіздің құқықтарыңыз
Сіздің мынадай құқықтарыңыз бар:
- Біз сақтайтын Сіз туралы кез келген ақпараттың көшірмесін сұраңыз
- Сіз берген кез келген келісімді кері қайтарап алыңыз.
- Бізде бар Сіз туралы кез келген анық емес немесе толық емес ақпаратты біздің түзетуімізді сұраңыз.
- Біздің жазбалардан Сіздің ақпаратыңызды алып тастауды сұраңыз.
- Бізден Сіздің ақпаратыңыздың көшірмесін көшірілетін деректер форматында үшінші тұлғаға жіберуді сұраңыз.
- Өзіміздің заңды мүдделерімізге орай біз Сіздің ақпаратыңызды тікелей маркетинг мақсатында өңдейтін кезде оның өңделуіне наразылық білдіріңіз.
- Бізден Сіздің ақпаратыңызды өңдеуді тоқтата тұруды сұраңыз.
- Сіздің дербес деректеріңізді біздің өңдеуімізге қатысты шағымды бізге немесе Ақпарат жөніндегі уәкілеттінің кеңсесіне немесе кез келген басқа тиісті қадағалаушы органға беріңіз.
Егер Сіз жоғарыда жазылған қандай да бір құқықтарды пайдаланғыңыз келсе, біздің онлайн-нысанды толтырыңыз. Сіздің құқықтарыңызды іске асыру үшін әдетте ақы алынбайды (егер Сіздің сауалыңыз негізсіз, қайталанатын немесе шамадан тыс болса, Сізден қисында ақы алу құқығын өзімізде қалдырамыз). Біз ақпаратты ҮШІНШІ ТҰЛҒАҒА бермеуімізге көз жеткізу үшін Сізден жеке куәлігіңізді беруді сұраймыз. Біз сауалдарға бір айдың ішінде жауап беруге тырысамыз.
Калифорниядағы деректер субъектілерінің құқықтары
Егер Сіз Калифорния резиденті болсаңыз, Сіз Калифорнияның Азаматтық кодексінің 1798.83-бөліміне сәйкес алдыңғы күнтізбелік жылдың ішінде тікелей маркетинг мақсаты үшін біз үшінші тұлғалармен бөліскен дербес деректердің тұрпаты туралы ақпаратты, соның ішінде осы үшінші тұлғалардың аты-жөнін және мекенжайын, сондай-ақ осы үшінші тараптар іске асыратын қызметтердің немесе өнімдердің түрлерінің мысалын алу құқығына иелік ете аласыз.
Өтінеміз, егер Сіздің жеке деректеріңізге қатысты жоғарыда сипатталған қандай да бір өз құқықтарыңызды пайдаланғыңыз келсе, бізбен Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. адресі бойынша хабарласыңыз.
Бізбен байланысу
Контроллер
ITECA мен ITE әртүрлі заңды тұлғалар болып табылады, олардың мән-жайын біздің корпоративтік сайттан табуға болады. Бұл құпиялылық саясаты ITE Group атынан шығарылады, сондықтан біз осы құпиялылық саясатында «ITE Group», «ITE», «біз», «бізді» немесе «біздің» сөздерін атаған кезде біз тиісті ITE компаниясын айтамыз. Ол Сіздің деректеріңіздің өңделуі үшін жауапты топ.
ITE Group plc контролер және осы сайт үшін жауапты болып табылады.
Байланысу ақпараты
Заңды тұлғаның толық атауы: ITE Group plc
Электрондық почтаның адресі: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Почталық мекенжайы: ITE Group plc, The Studios, 2 Kingdom Street, London W2 6JG, United Kingdom
Телефон нөмірі: +44 20 3545 9400
Сіздің құқықтарыңызды жүзеге асыруға кез келген Сауалдар біздің онлайн-өтінімнің көмегімен жасала алады.
Егер Сізде осы құпиялылық саясаты бойынша қандай да бір сұрақтар бар болса, өтінеміз, бізбен Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. адресі бойынша хабарласыңыз.
Сіздің кез келген уақытта Ақпаратты қадағалау басқармасына (ІСО), Ұлыбританияның деректерді қорғау мәселесі бойынша қадағалаушы органына (www.ico.org.uk), не Қазақстан Республикасының уәкілетті органына шағым беруге құқыңыз. Алайда біз Сіз ІСО-ға жүгінгенге дейін Сіздің проблемаларыңызды шешуге мүмкіндік беруіңізге разы боламыз, сондықтан алдымен бізбен хабарласыңыз. Бұл сайт балаларға арналмаған, және балаларға қатысты деректерді саналы түрде жинамаймыз. Егер біз баланың ақпаратын кездейсоқ алатын болсақ, біз оны барынша тез жоямыз. Егер Сіз баланың өз ақпаратын бізге бергенін білсеңіз, бізбен Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. адресі бойынша хабарласыңыз.
Жаңартулар
Бұл саясат соңғы рет 2019 жылғы 08 қаңтарда жаңартылды. Бұл саясатқа болашақта біздің енгізуіміз мүмкін кез келген өзгерістер осы бетте жарияланатын болады. Өтінеміз, осы саясаттың жаңартуларын немесе өзгерістерін көру үшін жиірек кіріңіз. Архивтік көшірмелерін бізбен жоғарыда көрсетілген мекенжайға хабарласу арқылы алуға болады.
Біз Сіздің деректеріңізді пайдаланатын нақты мақсатқа байланысты Сіздің деректеріңізді бірден көп заңды негіздемелер үшін өңдей алатынымызға назар аударыңыз. Өтінеміз, егер Сіздің жеке деректеріңізді өңдеу кезінде біз иек артатын нақты құқықтық негіз туралы мән-жайлар Сізге керек болса, егер төменде көрсетілген кестеде бірден көп негіздеме келтірілсе, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
Өңдеудің құқықтық негізі
Мақсаты / қызметі | Мақсаты / қызметі | Өңдеу үшін заңды негіздемесі, оның ішінде заңды мүдделердің негіздемесі |
Сізді жаңа клиент ретінде тіркеу | (а) тұлға (б) байланысу |
Сізбен келісімшартты орындау |
Сізді біздің іс-шараларымыздың біріне келуші ретінде тіркеу үшін | (а) тұлға (б) байланысу |
Сізбен келісімшартты орындау |
Сіздің тапсырысыңызды өңдеу және жеткізу үшін, оның ішінде: (a) Төлемдерді, баждарды және шығыстарды басқару (b) Бізге тиесілі қаражаттарды жинау және қайтару |
(a) Сәйкестендіру деректері (b) Байланысу (c) Қаржылық (d) Мәмілелер (e) Маркетинг және коммуникациялар |
(а) Сізбен келісімшартты орындау (б) Біздің заңдық мүддеміз үшін қажет (бізге тиесілі борышты қайтару үшін) |
Біздің Сізбен қатынастарымызды басқару үшін, ол мыналарды қамтиды: (a) Сізді біздің шарттардағы немесе құпиялылық саясатындағы өзгерістер туралы хабарландыру (b) Сізді іс-шараларды өткізу күндерінің, орналасқан жерлердің немесе байланысты қызметтердің өзгеруі туралы хабарландыру |
(а) Сәйкестендіру деректері (б) Байланысу (в) Бейін (г) Маркетинг және коммуникациялар |
(a) Сізбен келісімшартты орындау (b) Заңдық міндеттемені орындау үшін қажет (c) Біздің заңдық мүддеміз үшін қажет (біздің жазбаларды жаңарту және клиенттер біздің өнімдерімізді/қызметтерімізді қалай пайдаланатынын зерттеу үшін) |
Іс-шарадағы көрмеге Сіздің қатысуыңызға байланысты логистикалық іс-шараларды ұйымдастыру | (a) Сәйкестендіру деректері (b) Байланысу (c) Қаржылық (d) Транзакция (e) Бейін |
Сізбен келісімшартты орындау |
Сізден пікір қалдыруды немесе сауалнамаға қатысуды сұраймын | (a) Сәйкестендіру деректері (b) Байланысу (c) Бейін (d) Пайдалану (e) Маркетинг және коммуникациялар |
Біздің заңдық мүддеміз үшін қажет (біздің жазбаларды жаңарту және клиенттер біздің өнімдерімізді/қызметтерімізді қалай пайдаланатынын зерттеу үшін) |
Сіз жүлделер ұтысына қатыса алуыңыз, конкурсқа қатысуыңыз немесе сауалнамадан өтуіңіз үшін | (a) Сәйкестендіру деректері (b) Байланысу (c) Бейін (d) Пайдалану (e) Маркетинг және коммуникациялар |
(а) Сізбен келісімшартты орындау (б) Біздің заңдық мүддеміз үшін қажет (біздің өнімдерімізді/қызметтерімізді қалай пайдаланатынын зерттеу, оларды дамыту және біздің бизнесті дамыту үшін) |
Біздің бизнесті және бұл веб-сайтты әкімшілдендіру және қорғау үшін (оның ішінде олқылықтарды жою, деректерді талдау, тестілеу, жүйеге қызмет ету, сүйемелдеу, есептер құру және деректер орналастыру) | (а) Сәйкестендіру деректері (б) Байланысу (в) Техникалық |
(a) Біздің заңдық мүддеміз үшін қажет (біздің бизнесті жүргізу, әкімшілік және АТ-қызметтер ұсыну, желінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, алаяқтықты болдырмау үшін және бизнесті қайта ұйымдастыру немесе топты қайта құрылымдау мағынасында) (b) Заңдық міндеттемені орындау үшін қажет |
Сізге тиісті контент және веб-сайтта жарнама беру үшін, сондай-ақ біз Сізге беретін жарнаманың тиімділігін өлшеу немесе түсіну үшін | (a) Сәйкестендіру деректері (b) Байланысу (c) Бейін (d) Пайдалану (e) Маркетинг және коммуникациялар (f) Техникалық |
Біздің заңдық мүддеміз үшін қажет (біздің өнімдерімізді/қызметтерімізді қалай пайдаланатынын зерттеу үшін, оларды дамыту үшін, біздің бизнесті дамыту үшін және біздің маркетингтік стратегия туралы хабарландыру үшін) |
Біздің веб-сайтты, өнімдерді / қызметтерді, маркетингті, клиенттермен қатынастарды және тәжірибені жақсарту үшін деректер талдамасын пайдалану | (а) Техникалық (б) Пайдалану |
Біздің заңдық мүддеміз үшін қажет (біздің өнімдер мен қызметтер үшін клиенттердің тұрпаттарын анықтау үшін, біздің веб-сайтты жаңартылған және өзекті етіп ұстау, біздің бизнесті дамыту және біздің маркетингтік стратегия туралы хабарландыру үшін) |
Сізді қызықтыруы мүмкін тауарлар немесе қызметтер туралы ұсыныстар мен ұсынымдар жасау | (a) Сәйкестендіру деректері (b) Байланысу (c) Техникалық (d) Пайдалану (e) Бейін |
Біздің заңдық мүддеміз үшін қажет (біздің өнімдерімізді / қызметтерімізді дамыту және біздің бизнесті дамыту үшін) |
Терминдер анықтамасы
Заңды мүдде біз Сізге үздік сервис / өнім және үздік және ең қауіпсіз тәжірибе бере алуымыз үшін біздің бизнесімізді жүргізуге және басқаруға біздің бизнестің мүдделілігін білдіреді. Біз өзіміздің заңдық мүддеміз үшін Сіздің жеке деректеріңізді өңдеуді бастамас бұрын Сізге (оң және теріс) және Сіздің құқықтарыңызға кез келген әлеуетті ықпалды міндетті түрде ескереміз және теңдестіреміз. Біздің мүддеміз Сізге ықпалдан асып түсетін әрекеттер үшін сіздің дербес деректеріңізді пайдаланбаймыз (егер Сіздің келісіміңіз болмаса немесе өзгесі заңмен талап етілмесе немесе рұқсат етілмесе).
Келісімшартты орындау Сіз қатысушысы болып табылатын келісімшартты орындау үшін немесе мұндай келісімшарт жасалғанға дейін Сіздің сауалыңыз бойынша шара қабылдау үшін қажет болатын жерде Сіздің деректеріңізді өңдеуді білдіреді.
Заңдық немесе нормативтік міндеттемелерді сақтау Сіздің дербес деректеріңізді біз жүктейтін заңдық немесе нормативтік міндеттемелерді сақтау қажет болатын жерлерде өңдеуді білдіреді.