13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі
13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі

SECUREX KAZAKHSTAN 2019 КӨРМЕСІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ПІКІРЛЕРІ

ВИКТОРИЯ ЕРМАКОВА, «HIKVISION KAZAKHSTAN» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕРІ

Біздің компаниямыз Securex Kazakhstan көрмесіне үшінші жыл қатысып отыр. Біз бұл алаңға үнемі қатысуды жоспарлап отырмыз. Өйткені көрме жыл сайын біздің өнімдерімізді сатуға жаңа мүмкіндіктер ашады, біз жаңа серіктестерге қол жеткіземіз, және, әлбетте жаңа пайдалы байланыстар жинаймыз. Securex Kazakhstan 2019 шарасы ерекшеліктен тыс болмады. Бұл алаңғы шығардағы қойған барлық мақсаттарымыз орындалды. Ұйымдастыру жоғары деңгейде, біз бәрінен разы болдық.


РИМ ДАМИНОВ, «ТЕКО» КОМПАНИЯСЫНЫҢ МАРКЕТИНГ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МЕНЕДЖЕРІ

Securex Kazakhstan көрмесіне біздің компаниямыз 2014 жылдан бері жыл сайын қатысып келеді. Биыл көрме өте жақсы ұйымдастырылған, бұл жерде келушілер көп. Біздің әлеуетті серіктестерімізбен танысып және байланыс ақпараттарымызбен алмасып үлгердік, бүгін бірге жұмыс істеп жатқан компаниялармен сөйлестік. Сондықтан, біздің компанияда Қазақстан нарығында едәуір алға жылжу болады деп ойлаймын. Securex Kazakhstan 2019 көрмесінде, біз сонымен қатар семинар өткіздік, тыңдаушыларға қызық болды, өйткені олар көп сұрақ қойды. Айта кетейін, біздің семинарға көп тыңдаушы келді. Келесі жылы біз Securex Kazakhstan 2020 көрмесіне қатысамыз.


САБИТ КАРИМОВ, «PULSAR SYSTEM» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Securex Kazakhstan көрмесіне 2014 жылдан бері қатысып келеміз. Iteca компаниясы үнемі өзінің ұйымдастырушылығымен таңғалдырады, барлығы өте жоғары деңгейде. Көрменің бірінші күні, біз байқағандай, ең қанық күн, келушілер өте көп келеді. Және бірінші күні біз көптеген компаниямен тыныстық және байланыс ақпараттарымызбен алмастық. Енді олармен ынтымақтастық мәселелерін пысықтаймыз.


КОНСТАНТИН МИТЮШЕВ, «ЭЛЕКТРОТЕХНИКА И АВТОМАТИКА» ОМСК ЗАУЫТЫНЫҢ ВЭЛ БАҒЫТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Securex Kazakhstan көрмесіне біз Ресейден келдік және бұл жерге бірінші рет қатысып отырмыз. Көрменің Қазақстандағы қорғау және өрт қауіпсіздігі саласындағы маңызды бизнес алаң екендігін білеміз. Бұл біздің көрмеге қатысуымыздың негізгі себебі болды. Біздің жабдықтарымызға көптеген қазақстандық компаниялардың қызығушылық танытқанын айта кеткім келеді, олармен ынтымақтастық туралы келіссөздерімізді жүргіземіз.


МАРЭК ЧЕРЕПАНОВ, «РИТМ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ДИРЕКТОРЫ

Біздің компаниямыз Securex Kazakhstan көрмесіне бірінші рет қатысып отыр. Біз Санкт-Петербург (Ресей) қаласынан, қазақстандық компаниялармен байланыс орнатуға, оларға біздің қорғау жүйелерімізді, көлік мониторинг жүйелерімізді және жылжымайтын мүлік мониторинг жүйелерімізді ұсынуға келдік. Бірінші күні біздің мамандарымыз қызығушылық танытқан компаниялармен кездесулер өткізді. Бастамалар бар, жұмысты жалғастырамыз.


ПАВЕЛ ВИЛЕНСКИЙ,«RIELTA» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАСШЫСЫ

Біздің компаниямыз Securex Kazakhstan 2019 көрмесіне төрт жылдан астам қатысып келеді. Біз Санкт-Петербург (Ресей) қаласынан, қазақстандық серіктестерімізбен ынымақтастығымызды нығайтуға және жаңа серіктестер табуға келеміз. Биыл көрме өте жақсы ұйымдастырылған, бізге бәрі өте ұнады. Екі күндік жұмысымызда көптеген жаңа байланыстар орнаттық, олармен жұмысымызды жалғастырамыз. Келесі жылы тағыда Securex Kazakhstan 2020 көрмесіне қатысуды жоспарлап отырмыз.


ЕВГЕНИЙ ДЬЯЧКОВ, «ТРИ А» КОМПАНИЯСЫНЫҢ САТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕРІ

Біздің компаниямыз Securex Kazakhstan көрмесіне оныншы жыл қатысып отыр. Біз байланыс қорымызды кеңейтуге, жаңа серіктестер табуға, сонымен қатар компаниямыздың жаңа өнімдерін: Key Gard кілттерді сақтау жүйесі, операциялық хабарлағыштар, қол жеткізуді бақылау және т.б. танытуға келдік. Көрменің ұйымдастырылуы керемет, бәрі бізге ұнайды. Біз көптеген әлеуетті клиенттер мен серіктестермен таныстық. Келесі жылы біздің компаниямыз үлкен өлшемдегі стендпен қатысуды жоспарлап отыр.


ЖАЙЫК ЖЕКСЕБЕК, «ТЕХНОГАРД» КОМПАНИЯСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ

Бұл біздің қорғау және қауіпсіздік көрмесіне бірінші қатысу тәжірибеміз. Біздің компаниямыз жас, Қазақстан нарығында жүргенімізге бір жыл болды, және ұрлыққа қарсы жүйелермен айналысамыз. Бірінші тәжірибемізді ала отырып, келесі жылы Securex Kazakhstan көрмесіне қайтадан қатысқанда, біз жақсырақ дайындалатын боламыз. Ал қазірше айтатын болсам, көрме өзін 100% ақтады. Біздің әлеуетті клиенттеріміз пайда болды. Ұйымдастырушыларға рақмет!