13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі
13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі

SECUREX 2019 КЕЛУШІЛЕРІНІҢ ПІКІРЛЕРІ

РУСТАМ ЗАЙНУЛИН, ALUMEN КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ

Securex Kazakhstan көрмесіне алғашқы рет келіп тұрған жоқпын, 2017 және 2018 жылдары болғанмын. Көрменің деңгейі үнемі жақсы, жоғары деңгейде. Бұндай шараларға қатысқан тамаша. Біздің компаниямыз электір техникалық жабдықтарды жеткізумен айналысады, және бұл көрмеде біздің жабдықтарымызға әлеуетті жеткізушілерді іздейміз. Бүгін кейбір компаниялармен кездестім, олар болашақта бізбен серіктестікке ұласулары мүмкін. Сонымен қатар, бізбен жұмыс істеп жатқан компанияларды көрдім. Көрмеден біздің компания үшін әрдайым нәтиже болатынын айта кеткім келеді! Келесі жылы міндетті түрде қайта келеміз.

НИКИТА БЛАЖЕЮК, «ИНКАЙ» БК» ЖШС ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ

Securex Kazakhstan 2019 көрмесіне бірінші рет келіп тұрмын. Бұл жерде жаңа жүйелермен және технологиялармен танысқым келеді, саланың барлық жаңалықтарының бір жерде шоғырланғаны өте ыңғайлы, барлығын жанды көруге болады. Көрме өте қызық және жақсы ұйымдастырылған.

СТАНИСЛАВ ЛАГОДА, BILLBOARD VIDEO КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНЫ

Securex Kazakhstan көрмесіне алғашқы рет келіп тұрмын және қорғау және қауіпсіздік салаларының компаниялары не ұсынып жатыр, соны көру үшін келді. Негізінде мені, бақылау камералары қызықтырады. Іздегенімді таптым да, байланыс ақпараттарымен алмастым, экспоненттерден қажетті материалдарды алдым. Жұмысқа оралған соң, компаниялардың ұсыныстарын зерттеуді бастаймын. Көрме өте қызықты, ұйымдастырылуы керемет!

ЕРЛАН ГАЛИЕВ, IMPORT VIDEO КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Көрмеге Қазақстанның қорғау және қауіпсіздік нарғымен танысу мақсатында келдім. Жарты күннің ішінде, компаниялармен танысып, байланыс ақпараттарымен алмасып үлгердім. Өте жемісті кездесулер өтті, біздің компаниямыз үшін олар болашақта жақсы нәтижелер беруі мүмкін. Қазақстандық көрмеге бірінші рет келіп тұрсам да, шараның жоғары деңгейін атап өткім келеді.

ҒАЛЫМЖАН ҚҰРМАНОВ, MEGAMIX КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Біздің компаниямыз қауіпсіздік жүйелерімен айналысады, сондықтан да жыл сайын Securex Kazakhstan көрмесіне келіп тұрамыз. Мен Алматыға қорғаныс саласындағы жаңалықтарды білуге, бұрыннан келе жатқан серіктестерімізбен кездесуге, сонымен қатар жаңа компаниялар табуға келдім. Жыл сайын ұйымдастырушылар көрме дайындығының жоғары деңгейін көрсетіп келеді, және бұл жыл да ерекшелік болған жоқ. Міндетті түрде келесі жылы Securex Kazakhstan көрмесіне қайта келеміз.