13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі
13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау және Ақпараттық Технологиялар» көрмесі

РЕСМИ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТТАРЫ 2024

Министр, Е. Саденов

Құрметті ханымдар мен мырзалар! 

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің атынан Securex Kazakhstan 2024 XII Қазақстандық халықаралық «Қорғау,Қауіпсіздік,Қорғану құралдары және Өрттен сантандыру» көрмесінің қонақтары мен катысушылары қош келдіңіздер! 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың,кәсіпорындар мен ұйымдардың ортақ куш-жігерін барынша үйлестіруді талап етеді. Бүгінгі танда тәжірибе алмасу және ынтымақтастық бізге барлық салада қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады. 

Securex Kazakhstan көрмесі барлық мүдделі құрылымдар мен мамандарға азаматтық қорғаныс және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы  заманауи жетістіктермен перспективалық әзірлемелермен танысуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Іскерлік бағдарлама шеңберінде мемлекет пен оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылау. 

Перспективалық әзірлемелерді көрсетумен қатар, көрме мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жетекші отандық және шетелдік компаниялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын өндірушілер мен жіткізушілер арасындағы іскерлік және кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етеді,бұл біздің еліміздегі озық тәжірибелер мен жаңа әзірлмемелерді кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. 

Көрмені ұйымдастырушыларға,қатысушылар мен қонақтарға     табыс және жемісті жұмыс тілеймін! 


Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник А. Айтеев

Құрметті ханымдар мен мырзалар! 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі атынан 12-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен қорғау және Ақпараттық технологиялар» Securex Kazakhstan 2024 көрмесінің қонақтары мен қатысушыларын ізгі тілекпен қарсы аламын!  

Төтенше жағдайлар, табиғи апаттар жыл сайын мыңдаған адамның өмірін қиып, мемлекет экономикасына айтарлықтай зиян келтіреді. 

Бүгінгі таңда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою ісінде қарқынды, озық жаңа технологияларды енгізу қажеттілігі айқын.  

Қазіргі таңда қоғамдағы қауіпсіздіктің маңыздылығы артып келеді, әрі бұл мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып саналады. «Securex Kazakhstan» - бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ең ірі қазақстандық көрме жобасы, оның аясында ел мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары айқын көрсетіледі.  

Мұндай іс-шараны өткізу үлкен практикалық маңызға ие және мамандарға құтқару техникасы мен жабдықтарының, өнертабыстар мен инновациялардың алуан түрлерімен танысуға, оларды практикалық қолдану жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік береді. 

Көрменің ұйымдастырушыларына, қатысушылары мен қонақтарына жемісті жұмыс, серіктестер іздеуде табыс және қойылған мақсаттарға қол жеткізуді тілеймін!


Виктор Гусев, Бас директор, «Эгида» Компаниялар Тобы

Құрметті ханымдар мен мырзалар! 

12-ші Қазақстандық Халықаралық «Қорғау, Қауіпсіздік, Қорғану құралдары және Өрттен сақтандыру - Securex Kazakhstan 2024» көрмесінің қатысушылары мен қонақтарына «Эгида» Компаниялар Тобы атынан сәлем жолдаймын. Бүгінгі таңда, біз әрбір адамның да, жалпы қоғамның да негізгі қажеттіліктерінің бірі – Қауіпсіздік қажеттілігін жоғары деңгейде талқылай алатынымызға қуаныштымын.    

Туылған сәттен бастап және өмір бойы адам қауіпсіздікке бейсаналы түрде ұмтылады: алдымен, жолды алғаш рет өздігінен өту барысында автокөліктердің шексіз ағынын мұқият тексеруден бастап, содан кейін, өз отбасы үшін қолайлы үй, автокөлік пен банкті аса зер салып таңдау. Қауіпсіздік пен сенімділік сезімі бізге үйреншікті өмір сүру негізімізге айналды.  

Біз жақындарымызды міндетті түрде өмірге риза және күлімсірегенін көретінімізге сенімдіміз. Әрдайым қауіпсіздікте болу. Мұның бәрі дамыған, ілгерішіл қоғамның өмір сүру нормасы. Болашағы бар қоғамдар. «Эгида» Компаниялар Тобы, өз жұмысына кәсіби көзқарасымен, өз жетістіктерімен осы тұжырымның дұрыстығын растайды. 

«Эгида» Компаниялар Тобы - Қазақстанда, Орта Азия елдерінде, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында қызметтердің толық спектрін ұсынатын қауіпсіздік жүйелері нарығындағы көшбасшылардың бірі болып саналады. 

Қауіпсіздік жүйелерін өндіру және сату, сондай-ақ монтаждау, мониторинг, жобалау, техникалық қызмет көрсету және кеңес беру қызметтері басым бағыттар болып есептеледі. Бүгінгі таңда «Эгида» Компаниялар Тобы - бұл қазіргі уақытқа сәйкес қызметтердің кең спектрі, жұмыс сапасын қатаң бақылау, үдемелі технологияларды енгізу, тұтынушыларға қызмет көрсету жүйесін үздіксіз жетілдіру дегенді білдіреді. «Эгида» Компаниялар Тобы қоғамның қауіпсіздік мәселелеріне жаңа көзқарасын қалыптастыратын қуатты тандем болып саналады. 

«Эгида» бұл - жетістігінің негізін іске деген жоғары кәсіби көзқарас құрайтын, үдемелі, қарқынды дамып келе жатқан, заманауи компаниялар тобы. Сенімді қауіпсіздік жүйелерін пайдаланудың кәсіби тәжірибесіне сүйене отырып, біз халықаралық нарықта инновациялық технологияларды енгізу арқылы тұтынушылардың өмірін, денсаулығы мен мүлкін сақтауды қамтамасыз етеміз. Әрбір тұтынушы біз үшін құнды. Әр жоба ерекше. Біз қауіпсіздік әлемінде тек көшбасшылыққа ұмтыламыз.  

 Securex 2024 Қазақстандық халықаралық көрмесінің барлық қатысушылары мен қонақтарына табыс және жемісті жұмыс тілеймін! 


Т. К. Абдуллаев, Директорлар Кеңесінің Төрағасы , «Атакент» ҚІЫО» АҚ

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Өз атымнан және «Атакент» ҚІЫО атынан ізгі құрметпен көрме қатысушыларына және қонақтарына қош келдіңіздер деймін! Жаңа ойлар, іскерлік серіктестіктер мен инновациялар тоғысатын осы бірегей платформада сіздердің әрқайсысыңызды көруге қуаныштымыз.

 Қазақстанда көрмелердің танымалдылығы ұдайы өсіп келеді және олар жергілікті тұрғындар үшін де, ел мен қала қонақтары үшін де маңызды оқиғаларға айналуда. Көрмелер тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ кез келген саладағы соңғы инновациялар мен технологияларды зерттеуге мүмкіндік беріп, қоғамның мәдени және білім алуының дамуында маңызды рөл атқарады.

«Атакент» ҚІЫО ірі көрме іс-шараларын ұйымдастыру үшін қаланың басты алаңымен қамтамасыз ете отырып, еліміздің көрме индустриясының дамуына зор ықпал етуде.

Біздің орталықтың павильондарында өткізілетін көрмелер экономикалық және мәдени өсімді күшейтіп, инвестиция тартуға, туризмді дамытуға және елдің имиджін нығайтуға көмектеседі. Көрмелердің арқасында әрбір компания өзінің әлеуетін халықаралық деңгейде көрсетуге және бірегей келісімшарттар жасауға мүмкіндік алады.

Бұл көрме шабыт пен жаңа мүмкіндіктердің көзі болсын. Көрменің барлық қатысушылары мен қонақтарына жемісті кездесулер мен сәтті келісімшарттар тілеймін!