14-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау, Ақпараттық Технологиялар, Байланыс және Дрондар» көрмесі

21-23 ҚАЗАН 2026

 
14-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау, Ақпараттық Технологиялар, Байланыс және Дрондар» көрмесі

21-23 ҚАЗАН 2026

 

SECUREX KAZAKHSTAN 2026 ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНДІРУШІЛЕР МЕН САРАПШЫЛАРДЫ БІРІКТІРМЕК

2026 ЖЫЛҒЫ 21–23 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫДА «ҚАУІПСІЗДІК, ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫС, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ДРОНДАР» АТТЫ 14-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ – SECUREX KAZAKHSTAN 2026 ӨТКЕЛІ ТҰР.  

Іс-шара заманауи технологияларды көрсетуге, салалық тәжірибе алмасуға және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы іскерлік ынтымақтастықты дамытуға арналған кәсіби алаңға айналады. 

Биыл көрме экспозициясы 6 елдің 50 компаниясын біріктірмек: Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Ресей және Чехия. Отандық секторды 23 компания, ал халықаралық секторды 27 кәсіпорын таныстырады. Бұл ретте экспоненттердің 35%-ы Securex Kazakhstan көрмесіне алғаш рет қатысады. Бұл іскерлік байланыстар географиясының кеңейіп жатқанын және өндірушілердің Қазақстан нарығын дамытуға мүдделі екенін көрсетеді. 

Қатысушылар күзет жүйелері, бейнебақылау, өртке қарсы қорғаныс, ақпараттық қауіпсіздік және ұшқышсыз технология саласындағы технологиялық әзірлемелер мен кешенді шешімдерді ұсынады. Экспозиция мамандарға саланың өзекті ұсыныстарымен танысуға, өндірушілермен және жеткізушілермен тікелей байланыс орнатуға, сондай-ақ ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. 

Securex Kazakhstan 2026 бағдарламасында Қазақстанның I инженерлік форумы ерекше орын алады. Ол көрме аясында алғаш рет өтпек. Форум аса маңызды нысандарды қорғаудың, цифрлық технологияларды енгізудің және қауіпсіздіктің инженерлік жүйелерін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған. 

Форум бағдарламасында үш тақырыптық сессия көзделген: «Қазақстанның аса маңызды инфрақұрылымының қауіпсіздігі: нормативтік базадан цифрлық шешімдерге дейін», «Роботтандыру, ЖИ және автоматтандыру: өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздік жүйелерінде» және «Аса маңызды нысандардың өрт қауіпсіздігіне арналған инженерлік шешімдер: есептеулер, автоматика және сараптама жүргізу тәжірибесі». Талқылаулар барысында инновациялық әзірлемелерді іс жүзінде қолдануға, нормативтік реттеуге және өнеркәсіптік нысандарды қорғаудың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылады. 

Іскерлік бағдарлама «Өнеркәсіпке, қауіпсіздікке және экологияға арналған дрондар» атты II Dronex Conference конференциясымен жалғасады. Конференция әртүрлі салаларда, соның ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, өнеркәсіп секторында және экологиялық мониторингте ұшқышсыз технологияларды қолдану мәселелеріне арналады. 

Securex Kazakhstan 2026 көрмесін өткізу кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға, заманауи инженерлік-техникалық шешімдерді ілгерілетуге және қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді. 

Көрмеге ресми қолдауды Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі және Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көрсетеді. 

Securex Kazakhstan 2026 көрмесін Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы ұйымдастырады.