13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау, Ақпараттық Технологиялар, Байланыс және Дрондар» көрмесі
13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау, Ақпараттық Технологиялар, Байланыс және Дрондар» көрмесі

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ҚАЗАҚСТАНҒА ДРОНДАР ӨНДІРІСІНІҢ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУЫНА КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

Қазақстан Оңтүстік Кореяның технологияларына сүйеніп, Орталық Азиядағы дрондар өндірісі бойынша көшбасшы болуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы The Korea Herald басылымына берген сұхбатында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейспеков мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

The Korea Herald басылымының жазуынша, вице-министр Қазақстанда дрондардың мұнай-газ өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын және жол қауіпсіздігін дамытудағы маңызды рөлін атап өтті. Азамат Бейспековтың айтуынша, Қазақстан Оңтүстік Кореяға стратегиялық таңдау жасап отыр, өйткені бұл ел дрондар өндірісінің технологияларымен танымал. Сонымен қатар, ынтымақтастық тек корейлік дрондарды сатып алу бойынша ғана шектелмейді — бұл кең ауқымды тәжірибе мен біліктіліктермен алмасу туралы сөз болып отыр.

«Өнеркәсіптік сарапшылар Қазақстанның кең аумағы оны әртүрлі салаларда, оның ішінде орман және ауыл шаруашылығында, энергетикада, құтқару жұмыстарында, картографияда және қорғаныста дрондарды қолданудың орталығы болуға мүмкіндік береді деп есептейді. Кореямен жақсы сауда байланыстары Қазақстанды тартымды нарыққа айналдырады», — деп атап өтеді The Korea Herald.

Орталық Азияда корейлік дрондар өндірісінің технологияларына сұраныс артып келеді. Сондықтан Оңтүстік Корея компаниялары перспективалы нарықтарға шығу мүмкіндіктерін іздестіріп жатыр.

Қазақстан бұл үшін дрондарды қолдануды реттейтін заңнамалық нормалар мен мамандарды даярлау бағдарламаларын әзірлеуде. Петропавлда өртке қарсы дрондар шығару басталды. Сонымен қатар, Қазақстанның, басқа да өңір елдері сияқты, әскери дрондары бар.

Алайда, Азамат Бейспеков Қазақстанның дрондарды тек бейбіт мақсаттарда қолдануға мүдделі екенін атап өтті. «Біз [әскери дрондарды] тек өз қауіпсіздігіміз бен өзін-өзі қорғау үшін өндіруді қалаймыз. Дрондарды тек бейбіт мақсатта қолдануымыз керек, әскери мақсатта емес», — деп баса айтты Азамат Бейспеков.

Қазақстан үшін корейлік технологиялармен дрондар өндірісі жаңа мүмкіндіктер туғызуы мүмкін — өйткені Орталық Азияда дрондарға сұраныс өсіп келеді. Әскери сала өзіміздің дрондарды сынақтан өткізіп жатыр, ал басқа салаларда Қазақстан әлі де импорттық техниканы пайдаланып отыр. Мысалы, қаңтар айында Қазақстанның ауылшаруашылық мониторингі үшін Қытайдан жасалған жасанды интеллекті бар дрондарды пайдалануды жоспарлап отырғаны белгілі болды.

Дереккөз: Orda.kz

  • -де жасалған
  • 351 қаралды