СЕРПІНДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ПІКІРТАЛАСТАР: SECUREX KAZAKHSTAN 2024 КӨРМЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
12-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SECUREX KAZAKHSTAN 2024 КӨРМЕСІ 2024 ЖЫЛДЫҢ 13-15 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫНЫҢ «АТАКЕНТ» КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНДА ӨТТІ. 2024 ЖЫЛҒЫ КӨРМЕ 1 369 БІРЕГЕЙ КЕЛУШІ, ӘЛЕМНІҢ 8 ЕЛІНЕН 65 ҚАТЫСУШЫ КОМПАНИЯ, ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 21 КӘСІБИ СЕССИЯ ӘСЕРЛІ НӘТИЖЕЛЕРІН КӨРСЕТЕ ОТЫРЫП, БЕЛСЕНДІ ӨСІМДІ ПАШ ЕТТІ.
Көрмеге қатысушылар өз стендтерінде күзет дабылы мен хабарландыру, қол жеткізуді бақылау және басқару жүйелері, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйелері саласындағы соңғы әзірлемелерін таныстырды. Қазіргі әлемнің трендтері мен сын-тегеуріндеріне сәйкес «Ақпараттық Технологиялар және Қауіпсіздік» ITS мамандандырылған секциясы ұйымдастырылды. Қатысушылар, оның қатарында TargetAI limited, Innodisk (NOVA), Fudo Security, Iris id Systems Inc, KAZSIEM, BATNA SP. Z O. O., Bekem Trade Kazakhstan, Soft Division, Smartcall, Parsec компаниялары, стендтерде озық цифрлық технологияларды пайдалана отырып, қауіпсіздік шараларын күшейту және деректерді сақтау саласындағы жаңа әзірлемелерді ұсынды. Көрменің кеңейтілген іскерлік бағдарламасы ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне де қамтыды.
Пленарлық отырыс барысында мемлекеттік ұйымдар мен ірі бизнес ойыншыларының арасынан шыққан спикерлер диалог форматында ел тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзара әрекеттестіктің синергиясын талқылады. ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы – Р.Камалов, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы – Н.Атығаев, Қазақстанның Азаматтық қорғаныс одағының төрағасы – Р. Искаков, Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШЖҚ МКК басшысы – А.Таксимов, «Эгида Group» ЖШС коммерциялық директоры – В.Гусев, «Hikvision Kazakhstan» ЖШС даму менеджері – Н. Гуров қатысты.
Біздің басты мақсатымыз тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болса, бұл жолда мемлекет пен бизнестің бірлескен қозғалыс бағытын айқындау осы кездесудің нәтижесі болды. Мемлекет өкілдері негізгі міндеттер мен басым жобаларды белгіледі, ал сала көшбасшылары осы сұраныстарды тиімді шешуді ұсынды.
SECUREX TALKS сессиясы тыңдаушылардың кәсіби аудиториясының үлкен қызығушылығын тудырды. Сарапшылар ақпараттық технологиялар, деректерді сақтаудың қазіргі жағдайы және киберқауіпсіздік туралы айтты. Сессия спикері Ю. Якупбаева, GPI Group серіктесі, «Атамекен» ҰКП тұрақты даму және ESG жөніндегі кеңесінің төрағасы, «TECHNOWOMEN» КЕҰ Басқарма мүшесі, осындай алаңдардың маңыздылығын атап өтті. «Саланы дамыту үшін осындай алаңдар қажет. Ал Securex Kazakhstan - әйгілі көрме болғандықтан, мұнда басқа жерде кездеспейтін сала мамандары болды. Көрнекті адамдардың сараптамалық қатысуының арқасында келушілер осы сала туралы пайдалы ақпарат ала алды», - деп түйіндеді Ю.Якупбаева.
Қызықты технологиялық сұрақтар «Қауіпсіздік жүйелерін цифрландыру. Өнеркәсіптік кейстер» атты кейс-сессияның негізгі тақырыбына айналды. Сессиялар модераторы, киберқауіпсіздік, АТ және коммуникациялар жөніндегі тәуелсіз сарапшы Е. Питолин кейс-сессияға қатысудан алған әсерімен бөлісті: «Көрмедегі экспозиция, сессиялардағы баяндамалар киберқауіпсіздік бойынша да, саладағы физикалық және корпоративтік қауіпсіздікті дамытуға арналған да көптеген керемет нәрселерді көрсетті. Күн тәртібінде тұрақтылық, тұрақты даму, жасыл күн тәртібі және белгілі бір орнықтылық сияқты Қазақстан үшін ерекше тақырыптар Securex Kazakhstan алаңында ұсынылған».
Дәстүр бойынша көрмеге алдағы әріптестікті орнату мақсатында құрамында Бішкек (Қырғызстан) және Талдықорғаннан 45-тен астам адамнан тұратын делегация келді. Реал Қауіпсіздік, Смарт кешен, Паутина, «БАКР» ДОА, «Вымпел» МКБ, SmartHub, «Сактан» Детективтік қызметі сияқты кәсіпорындардың мамандары экспозицияның жаңа өнімдерімен танысты.
Көрмеге қатысушылар іскерлік байланыстарды құрудағы артықшылықтарды және нарықтарды кеңейту әлеуетін атап өтіп, өз қатысуын жоғары бағалады. ДКС Қазақстан директоры Артем Колупаев көрмеге қатысу бойынша келесі пікірін білдірді: «Көрмеден алған әсерім керемет. Іс жүзінде іс-шара өте жанды болды, мұнда саланың барлық жетекші компаниялары өздерін тансытырды. Осы іс-шараның нәтижелері бойынша, біздің стендтке келген клиенттеріміз бен серіктестерден тек жағымды пікірлер аламыз деп ойлаймын. Біз қайта қатысуды жоспарлап отырмыз».
Семинар аймағында екі күн бойы Си-Норд, Рубеж, Logitex-Market, Эгида Group, Энергон, «DKC» АҚ, Hikvision компанияларының өкілдері семинарлар барысында пайдалы салалық ақпаратпен бөлісті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар «Атакент – Экспо», «Iteca» қазақстандық көрме компаниялары және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.
Көрменің бас серіктесі – ЭГИДА GROUP.
Бас ақпараттық серіктес – RUБЕЖ журналы.
Жобаға ресми қолдау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі көрсетті.