SECUREX KAZAKHSTAN 2025 ҚАУІПСІЗДІК ИНДУСТРИЯСЫНДА ЖАҢА КЕЗЕҢДІ АШАДЫ: DRONEX ЭКСПОЗИЦИЯСЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ САЛАЛЫҚ ТРЕНДТЕР
2025 ЖЫЛДЫҢ 12-14 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫДА 13-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАУІПСІЗДІК, ӨРТТЕН ҚОРҒАУ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ДРОНДАР» – SECUREX KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
Бұл іс-шара дәстүрлі түрде қауіпсіздік саласындағы жетекші компанияларды, сарапшылар мен кәсіпқойларды біріктіріп, өзекті мәселелерді талқылауға және соңғы технологиялық шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді.
Биылғы көрме жаңа, заманауи 7-8 павильондарда өтеді, жалпы ауданы 3 800 шаршы метрден асады. Бұл қатысушылар мен қонақтар үшін ыңғайлы жағдай жасайды, өнімдерді көрсетуге және іскерлік серіктестікті дамытуға кең мүмкіндік береді. Кең залдар экспозицияларды тиімді ұйымдастыруға, ал заманауи инфрақұрылым жайлы атмосфера қалыптастыруға көмектеседі.
Securex Kazakhstan 2025 экспозициясы қауіпсіздіктің барлық негізгі бағыттарын қамтиды: физикалық және периметрлік күзет, бейнебақылау және қолжетімділікті бақылау, киберқауіпсіздік және деректерді қорғау, өрт қауіпсіздігі және инновациялық өрт сөндіру жүйелері, ұшқышсыз жүйелер және дрондарға қарсы технологиялар. Көрме келушілері интеграцияланған қауіпсіздік шешімдері, аналитикалық жүйелер, биометриялық идентификация технологиялары, сандық қауіпсіздік құралдары және мониторинг пен қорғаныс саласындағы жаңа әзірлемелермен таныса алады.
2025 жылы көрмеге 50-ден астам компания қатысады, оның ішінде Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия және АҚШ компаниялары бар. Басты қатысушылар қатарында – ЭГИДА GROUP, ENYING, HDL Kazakhstan, Carddex Keeper, Tiandy, Suprema. Сонымен қатар, көрме дебютанттары, оның ішінде: All Prof-Telecom, Almavikon, AP Sensing, Arti Group, Геоскан-Казахстан, NewTech Distribution, Аэроскан, Aardvark, Drone.kz және басқа компаниялар өз өнімдерін таныстырады.
2025 жылы Securex Kazakhstan көрмесінде алғаш рет арнайы DronEx Kazakhstan 2025 экспозициясы ұсынылады! Бұл бөлім ұшқышсыз технологиялар мен дрондарға қарсы жүйелерге арналады. Мұнда өнеркәсіптік, қорғаныс және азаматтық мақсаттарға арналған заманауи дрон үлгілері, сондай-ақ дрондарды анықтау және бейтараптандырудың жаңа технологиялары көрсетіледі. Бұл бөлімге Қазақстан және басқа елдерден 10 жетекші компания қатысады.
Securex Kazakhstan 2025 кәсіби тәжірибе алмасу, озық әзірлемелерді көрсету және іскерлік байланыстар орнату үшін орталық алаңға айналады. Іскерлік бағдарлама аясында қауіпсіздік мәселелеріне арналған конференциялар, халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетін панельдік пікірталастар және жетекші компаниялардың инновациялық шешімдердің таныстырылымдары жоспарланған. Киберқауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылады. Арнайы тақырыптық бөлімді әлемдік деңгейдегі сарапшы Евгений Питолин жүргізеді. Ол қазіргі заманғы киберқауіптер, олардың алдын алу әдістері және бизнес пен мемлекеттік құрылымдарға арналған практикалық шешімдер туралы баяндайды.
Securex Kazakhstan – бұл соңғы технологиялық жетістіктермен танысуға, нарық көшбасшыларымен серіктестік орнатуға және қауіпсіздік индустриясын дамыту перспективаларын талқылауға бірегей мүмкіндік. Көрме инновациялар мен дамуға ұмтылатын кәсіпқойлар мен компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі ресми қолдау көрсетті.
Бас серіктесі – ЭГИДА GROUP
Көрмені Қазақстандық Iteca көрме компаниясы, оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы және «Атакент-Экспо» ұйымдастырады.