13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау, Ақпараттық Технологиялар, Байланыс және Дрондар» көрмесі
13-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау, Ақпараттық Технологиялар, Байланыс және Дрондар» көрмесі

SECUREX KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕСІНДЕГІ ITS БӨЛІМІНДЕ КИБЕРҚАУІПСІЗДІККЕ АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР МЕН СТРАТЕГИЯЛАР ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ

2025 ЖЫЛДЫҢ 12-14 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА 13-ШІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАУІПСІЗДІК, ӨРТТЕН ҚОРҒАУ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ДРОНДАР» КӨРМЕСІ – SECUREX KAZAKHSTAN 2025 ӨТЕДІ. SECUREX KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕСІНДЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР ITS БӨЛІМІНЕ АУДАРЫЛАДЫ.

Бұл бөлімде деректерді, инфрақұрылымды және коммуникацияларды қорғауға арналған заманауи үрдістер мен шешімдер ұсынылады.

Қазіргі әлемде IT-технологиялар барлық салалардың ажырамас бөлігіне айналды, ал киберқауіпсіздік мәселелері стратегиялық маңызға ие болуда. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, 2025 жылға қарай жаһандық киберқауіпсіздік нарығының көлемі 250 миллиард доллардан асады. Қазақстан әлемдік цифрлық үдерістерге белсенді түрде кірігіп, жоғары технологиялық болашақты қалыптастыру мен ұлттық киберқауіпсіздікті дамытуға маңызды үлес қосуда. Осыған орай, ITS 2025 көрмесінің өткізілуі ерекше өзектілікке ие, өйткені ол қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған озық технологиялар мен стратегияларды таныстыру алаңы болмақ.

Келушілер кибершабуылдардан қорғауға арналған ең жаңа әзірлемелерді – бағдарламалық өнімдерден бастап аппараттық шешімдер мен автоматтандыру жүйелеріне дейін тамашалай алады. ITS аясында өз өнімдері мен шешімдерін ұсынатын компаниялар: IT Security Systems, Iris ID Systems Inc., Almighty Technology, NUR-AI DIGITAL, Чефи, TP-Link Kazakhstan, Рубеж, ARDES, РусГард, Suprema, Ap Sensing. Олардың қатысуы түрлі салаларда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңа технологияларды енгізудің маңыздылығын көрсетеді.

Көрменің негізгі бөлігі киберқауіпсіздік пен ақпараттық технологиялар саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған іскерлік бағдарлама болады. Іс-шараның екінші күні, 13 наурызда, IT-технологиялар, коммуникациялар және киберқауіпсіздік саласындағы тәуелсіз сарапшы Евгений Питолиннің басшылығымен арнайы секция өтеді. Оның көп жылдық тәжірибесі мен саланың заманауи сын-тегеуріндерін терең түсінуі бұл секцияны қатысушылар үшін ерекше маңызды етеді.

Евгений Питолин екі негізгі сессияны өткізеді, олардың әрқайсысы қауіпсіздік саласындағы өзекті аспектілерді ашады. Бірінші сессия – «Securex Talks: Күрделі инфрақұрылымдардың киберқауіпсіздігі: табиғи VS жасанды интеллект», онда аппараттық шешімдердің қауіпсіздігі, жабдықтау тізбегін қорғау, аудитті автоматтандыру және тәуекелдерді басқару мәселелері қарастырылады. Бұл сессияда дәстүрлі және заманауи технологиялардың деректерді қорғаудағы рөліне сараптамалық көзқарастар ұсынылады.

Екінші сессия – «Securex Practice: Іске асыру бойынша практикалық кейстер мен мәселелер», онда нақты кейстер талданып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған практикалық тәсілдер ұсынылады. Негізгі назар мобильді қосымшалар қауіпсіздігіне, цифрлық өнімдерді әзірлеу ерекшеліктеріне, IT-компанияларды кибершабуылдардан қорғауға және геосаяси факторларды ескере отырып шешімдерді енгізуге аударылады. Талқылаулар қолданбалы сипатқа ие болады, бұл қатысушыларға өз жұмыстары үшін құнды білім мен ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.

ITS көрмесі сандық әлем жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған серіктестік қатынастарды қалыптастыру, озық тәжірибені зерттеу және бірлескен стратегиялар әзірлеу үшін маңызды алаңға айналады.

            Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.