14-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау, Ақпараттық Технологиялар, Байланыс және Дрондар» көрмесі
14-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау, Ақпараттық Технологиялар, Байланыс және Дрондар» көрмесі

ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ОЗЫҚ ӘЗІРЛЕМЕЛЕР ЖӘНЕ DRONEX KAZAKHSTAN 2025 АРНАЙЫ ЭКСПОЗИЦИЯСЫ – SECUREX KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕСІНДЕ

2025 ЖЫЛДЫҢ 12-14 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА, «АТАКЕНТ» ҚІЫО (8-ПАВИЛЬОН) АЛАҢЫНДА 13-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАУІПСІЗДІК, ӨРТТЕН ҚОРҒАУ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ДРОНДАР» – SECUREX KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.

Көрмеге 8 елден 65 компания қатысады: Беларусь, Германия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, АҚШ және Оңтүстік Корея. Қатысушылар қауіпсіздік саласының негізгі бағыттарын таныстырады: физикалық және периметрлік қауіпсіздік, бейнебақылау және қолжетімділікті басқару жүйелері, киберқауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, пилотсыз ұшу жүйелері және дрондарға қарсы технологиялар.

Securex Kazakhstan 2025 көрмесінің басты ерекшелігі DronEx Kazakhstan 2025 арнайы экспозициясы, онда ұшқышсыз технологиялар мен дрондарға қарсы жүйелер ұсынылады. Бұл дрондардың әртүрлі салаларда қолданылу мүмкіндіктерімен танысудың бірегей мүмкіндігі болмақ. 

Көрменің негізгі қатысушылары қатарында Эгида Group, Enying, HDL Kazakhstan, Carddex Keeper, Tiandy, Suprema және басқа да танымал компаниялар бар. Алғаш рет өздерінің бірегей әзірлемелерін All Prof-Telecom, Almavikon, AP Sensing, Arti Group, Геоскан-Казахстан, NewTech Distribution, Аэроскан, Aardvark, Drone.kz және басқа да компаниялар ұсынады.

Көрме экспозициясынан бөлек, қатысушылар мен келушілер үшін мазмұнды іскерлік бағдарлама ұйымдастырылады, оның аясында:

  • Пленарлық отырыс: «Қазақстандағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған инновациялар мен инфрақұрылымдық шешімдер»;
  • I DronEx 2025 конференциясы: «Қазіргі әлемдегі дрондар: технологиялар, қауіпсіздік және тәжірибе»;
  • Панельдік сессия: «Securex Talks: Күрделі инфрақұрылымдардың киберқауіпсіздігі: табиғи VS жасанды интеллект»;
  • Securex Practice: «Іске асыру бойынша практикалық кейстер мен өзекті мәселелер»;
  • Drone Race: Дрондар чемпионаты. Көрменің соңғы күнінде қазылар алқасы қорытынды шығарып, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Сонымен қатар, экспоненттер корпоративтік қауіпсіздік шешімдері және инновациялық технологиялар бойынша семинарлар өткізеді. TP-Link және Suprema компаниялары өздерінің технологиялық жаңалықтарымен бөліседі.

Көрменің бас серіктесі – ЭГИДА GROUP. Бас ақпараттық серіктесі – RUБЕЖ журналы.

Ресми қолдау: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі

Көрменің ұйымдастырушылары – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы, оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы және «Атакент-Экспо».

Ең өзекті ақпараттарға (қатысушылар тізімі, іскерлік бағдарлама кестесі, жеке кездесулер кестесі, павильон жоспары және т.б.) ITECA.EVENTS мобильді қосымшасы немесе www.securex.kz сайты арқылы қол жеткізе аласыз.