14-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау, Ақпараттық Технологиялар, Байланыс және Дрондар» көрмесі
14-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау, Ақпараттық Технологиялар, Байланыс және Дрондар» көрмесі

ҚАЗАҚСТАН МЕН АЛМАТЫНЫ ӨМІР СҮРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ҮШІН ЕҢ ҚАУІПСІЗ ОРЫНҒА АЙНАЛДЫРУ – SECUREX KAZAKHSTAN, ITS ЖӘНЕ DRONEX KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕЛЕРІНІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ.

2025 ЖЫЛДЫҢ 12 НАУРЫЗЫНДА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА, «АТАКЕНТ» КӨРМЕ КЕШЕНІНДЕ «ҚАУІПСІЗДІК, ӨРТТЕН ҚОРҒАУ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ДРОНДАР» – SECUREX KAZAKHSTAN / ITS / DRONEX 2025 КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ.

sec25 photo 003

 Бұл шара озық технологияларды таныстыру, өзекті мәселелерді талқылау және инновациялық шешімдерді іздеу мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші компанияларды, сарапшылар мен мамандарды біріктірді.

Көрме өртке қарсы қорғау және киберқауіпсіздік жүйелерінен бастап ұшқышсыз технологиялар мен интеллектуалды қауіпсіздік шешімдеріне дейін қауіпсіздік индустриясының негізгі бағыттарын қамтитын ауқымды экспозицияны ұсынды. 2025 жылғы экспоненттердің қатарында 8 елден 65 қатысушы: Беларусь, Германия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, АҚШ, Оңтүстік Корея болды. Қатысушылар стендтерінде қауіпсіздік саласының басты бағыттарын қамтитын кең ауқымды шешімдер мен технологияларды таныстырды, олардың ішінде физикалық және периметрлік қорғау, бейнебақылау және қолжетімділікті басқару жүйелері, киберқауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ ұшқышсыз жүйелер мен дрондарға қарсы технологиялар бар.

sec25 photo 006

Көрмеге алғаш рет қатысушылар жалпы қатысушылар санының 42%-ын құрады. Олар заманауи технологияларға жаңа көзқарас әкеліп, индустриядағы жаңа стандарттарды қалыптастыратын шешімдерді ұсынды. Дебютанттар қатарында All Prof-Telecom, Almavikon, AP Sensing, Arti Group, Геоскан-Казахстан, NewTech Distribution және басқа да компаниялар бар.

sec25 photo 010

Securex Kazakhstan көрмесінде алғаш рет заманауи әлемде ұшқышсыз технологиялардың өсіп келе жатқан рөлін көрсететін DronEx Kazakhstan 2025 арнайы бөлімі ұсынылды. Бұл бөлім дрондар саласындағы озық әзірлемелерді, олардың өнеркәсіпте, мониторингте және қауіпсіздік жүйелерінде қолданылуын көрсету, сондай-ақ ұшқышсыз қауіп-қатерлерге қарсы әрекет мәселелерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Осы экспозицияға қатысушылар қатарында Геоскан-Казахстан, БизнесИнжиниринг, CLEVEREST, D-FEND, VODOPAD компаниялары болды.  8-павильонда орналасқан ерекше дрон аймағы келушілерге басқару симуляторлары арқылы технологиялармен өзара әрекеттесуге, сондай-ақ дрон-футбол сияқты интерактивті ойындарға қатысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, әрбір қатысушы өзін дрондардың нағыз ұшқышы ретінде сезіне алды.

Киберқауіпсіздікке арналған ITS бөлімі де үлкен қызығушылық тудырды. Деректер мен инфрақұрылымды қорғауға арналған озық технологияларды IT Security Systems, Iris ID Systems Inc., Almighty Technology, NUR-AI DIGITAL, Чефи, TP-Link Kazakhstan, Suprema, Ap Sensing компаниялары ұсынды. Қатысушылар өз стендтерінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің стратегиялық тәсілдерін талқылап, бұл мәселелердің қазіргі заманның негізгі сын-қатерлерінің бірі екенін атап өтті.

sec25 photo 004

Securex Kazakhstan / ITS / Dronex 2025 көрмесінің бірінші күні тек технологиялық жетістіктерді көрсету алаңы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік индустриясының болашағы туралы белсенді пікірталастардың негізін қалады. Бірінші күннің іскерлік бағдарламасы мазмұнды болып, инновациялар, киберқауіпсіздік, ұшқышсыз технологиялар және корпоративтік шешімдерге қатысты кең ауқымды тақырыптарды қамтыды. Бағдарлама «Қазақстандағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған инновациялар және инфрақұрылымдық шешімдер» тақырыбындағы Пленарлық отырыстан басталды. Спикерлер қатарында «Семсер - Өрт сөндіруші» компаниясының тәуелсіз техникалық директоры Марат Хасенов, Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев, ЕО Ұлттық өрт қауіпсіздігі қауымдастығының төрағасы Рамазан Арыңғазыұлы, «Egida Group» ЖШС техникалық директоры Александр Гусев және басқа да сарапшылар болды. Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Каримжан Рахман өзінің құттықтау сөзінде: «Біздің алдымызда маңызды міндет тұр – Қазақстан мен Алматыны өмір сүруге және жұмыс істеуге қауіпсіз жерге айналдыру. Бұл үшін заманауи технологияларды енгізу, заңнаманы жетілдіру және халықтың хабардарлығын арттыру қажет. Securex Kazakhstan 2025 – қауіпсіздік саласындағы тәжірибе алмасу мен жаңа шешімдерді талқылауға арналған негізгі халықаралық алаңдардың бірі», – деп атап өтті.

Іскерлік бағдарлама аясында I-ші DronEx 2025: Технологиялар іс жүзінде атты конференциясы өтті, модераторы – «AARDVARK» ЖШС директоры Дмитрий Иванов. Талқыланған негізгі тақырыптар – дрондарды пайдаланудың құқықтық реттелуі мен қауіпсіздігі, антидрон шешімдері және технологиялық инновациялар. Конференция спикерлері нақты кейстерді ұсынып, дрондардың өнеркәсіп пен төтенше жағдайлардағы практикалық қолдануын талқылады.

sec25 photo 0224

Бірінші күннің бағдарламасы TP-Link компаниясының интерактивті семинарымен аяқталды. Семинар барысында TP-Link компаниясының B2B-менеджері Алмазжан Атамбаев «TP-Link-тің тиімді корпоративтік шешімдері: өндірушіден серіктес пен тұтынушыға дейін» тақырыбын ұсынды. Қатысушылар тек жаңа әзірлемелермен танысып қана қоймай, бизнес-ойын мен викторинаға қатысу арқылы шараны әрі білім беретін, әрі қызықты етті.

Ертең, 13 наурыз күні, Securex Kazakhstan 2025 көрмесінің келушілерін мазмұнды әрі қызықты іскерлік бағдарлама күтуде. Күннің басты тақырыптары – киберқауіпсіздік, практикалық шешімдер және инновациялық әзірлемелер. Бағдарлама «Securex Talks: Күрделі инфрақұрылымдардың киберқауіпсіздігі: табиғи VS жасанды интеллект» атты Панельдік сессиямен басталады. Модератор – Qaztech альянсының ақпараттық қауіпсіздік комитетінің тең төрағасы және DataStar компаниясының басқарушы директоры Евгений Питолин. Одан әрі бағдарлама аясында «Securex Practice: Практикалық кейстер мен имплементация мәселелері» практикалық сессиясы өтеді, онда сарапшылар киберқауіпсіздік саласындағы шешімдерді жүзеге асырудың нақты мысалдарын ұсынады. Күннің соңында Suprema компаниясының кәсіпорындардың инновациялық қауіпсіздік жүйелеріне арналған семинары өтеді.

sec25 photo 0222

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстандық «Атакент-Экспо», «Iteca» көрме компаниялары және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

Көрменің бас серіктесі – ЭГИДА GROUP.
Бас ақпараттық серіктесі – RUБЕЖ журналы.

Жыл сайын бұл жобаға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Алматы қаласының әкімдігі ресми қолдау көрсетеді.

Көрме 14 наурызды қоса алғанда тағы екі күнге жалғасады. Іс-шараның сайтында алдын ала тіркелу бойынша қауіпсіздік индустриясының барлық мамандарын күтеміз!